2022 жылдың 23 қыркүйегінде Петропавл қ. психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері А.А.Моложенкомен «Жаңа синтетикалық есірткілер. Оларды пайдаланудың салдары» тақырыбында студенттердің кездесуі өтті.
Әңгіме барысында дәрігер синтетикалық есірткіге тоқталып, есірткіні қолданудың ауыр зардаптары, уланулар, есірткіні шамадан тыс қолданудан болатын өлім-жітім туралы куәландыратын нақты мысалдар келтірді.
Дәрігер тыңдаушылар назарын есірткінің дене және психикалық дамуға, интеллектке, ұрпаққа, қоғамдық өмірге тигізетін зиянды әсеріне аударды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіні тұтынуға және таратуға теріс көзқарасты қалыптастыру.
Әңгіме соңында нарколог дәрігер студенттерге адам өмірі бір-ақ рет берілетінін, оның дені сау, қызықты және ұзақ болуы керектігін еске салды.